Мүгедектігі бар адамдардың мәселелері бойынша Ашық есік күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 «Бірлік» Ақмола облысының мүгедектер одағы» ЗТБ базасында мүгедек адамдарды қолдау мәселелеріне арналған Ашық есік күні өтті.

Іс-шараға Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ш.С. Рахматуллина, сондай-ақ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті, облыстың аудандары мен қалалары әкімдіктерінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, қоғамдық ұйымдардың және басқа да мүдделі мемлекеттік және бейінді мекемелердің өкілдері қатысты.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Іс-шара барысында жеке көмекшінің қызметтерін көрсетудің жаңа тәсілін енгізу мәселелері, ЭЦҚ және QR-кодты пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталында тапсырыстарға балама қол қою мүмкіндігі, әлеуметтік қызметтер порталының мәселелері бойынша өңірлік комиссияның жұмысы бойынша, сондай-ақ объектілердің халықтың аз мобильді топтары үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияға қол қою функционалын іске асыру бойынша түсініктемелер берілді.

Өңір әкімдерінің мүгедек адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшілері мемлекеттік органдардың өкілдеріне жаңа нормаларды іс жүзінде қолдануға, қолжетімді ортаны қамтамасыз етуге, оңалту қызметтерін алуға, сондай-ақ мүгедек адамдардың құқықтарын қорғаудың және өмір сүру сапасын арттырудың басқа да өзекті аспектілеріне қатысты сұрақтар қойды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өзара іс-қимылдың одан әрі бағыттарын талқылап, қолдау шараларын жетілдіруге және мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1258863?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді