
Мұнайлы ауданы полиция бөлімінде 2026 жылдың екінші жартыжылдығы бойынша қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды.
Есепті кезеңдегі жедел-қызметтік қызметтің нәтижелері талқыланған кеңес өтті. Жиынға Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының қызмет жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Серік Бердіғалиұлы Айдаров қатысты.
Кеңес барысында аудан аумағындағы криминогендік ахуал жан-жақты сараланып, қылмыс деңгейін төмендету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Полиция полковнигі Серік Айдаров бөлімнің жеке құрамына нақты тапсырмалар беріп, қылмыстардың алдын алу мақсатында профилактикалық шараларды күшейтуді, қоғамдық орындар мен көшелерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, «Заң мен Тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып, халыққа сапалы қызмет көрсету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полиция қызметінің басты міндеттерінің бірі болып қала береді.
Мұнайлы ауданы Полиция бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1257969?lang=ru

Жауап қалдыру