
2 және 10 шілде күндері төраға орынбасары Ә. Әубәкіров Нұра топтық су құбыры құрылысы нысандарының құрылыс барысын инспекциялады.
Жұмыс сапарлары аясында мердігер ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау мамандарының қатысуымен көшпелі кеңестер өткізілді. Инспекция барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу қарқыны қаралып, туындаған мәселелер талқыланып, оларды жедел шешу жолдары айқындалды.
Мердігер ұйымдардың өкілдері жобаны іске асыру барысы, орындалған жұмыстардың көлемі және өзекті мәселелер туралы баяндады.
Инспекция қорытындысы бойынша А. Әубәкіров құрылыс жұмыстарының бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуін қатаң сақтаудың, орындалатын жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз етудің, сондай-ақ жоспарланған іс-шаралардың уақытылы орындалуының маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/komwater/press/news/details/1258720?lang=ru

Жауап қалдыру