
Қарағанды облысы ТЖД облыс әкімінің төрағалығымен ZOOM-конференция режимінде өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша техникалық кеңес өткізді. Жиын барысында аталған саладағы түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Кеңеске облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, қала және аудан әкімдері, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Сонымен қатар «QARMET» АҚ (Болат департаменті), «KARAGANDAKOMIR» ЖШС (Көмір департаменті), «ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС (Нұрқазған, Абыз, Саяқ кеніштері), «NOVA ЦИНК» ЖШС, «EXIM ARTIS» компаниялар тобы және «ШҰБАРКӨЛ КӨМІР» АҚ өкілдері мен жауапты мамандары шақырылды.
Іс-шара барысында кәсіпорын өкілдері өндірістік қауіпсіздіктің ағымдағы жай-күйі туралы баяндама жасады. Тараптардың пікір алмасуы нәтижесінде туындаған кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, алдағы міндеттер айқындалды.
Облыс басшысы қауіпті өндірістік объектілер иелері мен кәсіпорынның лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қатаңдату қажеттігіне ерекше тоқталды. Кеңес қорытындысы бойынша тиісті хаттама бекітілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1259128?lang=ru

Жауап қалдыру