
Қарауылкелді ауылында орын алған табиғи апаттың салдарын жою және елді мекеннің қалыпты тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
Қазіргі таңда ауыл аумағында құлаған ағаштарды тазарту, ұшқан шатырлар мен бүлінген құрылыс қалдықтарын шығару, көшелер мен қоғамдық аумақтарды ретке келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған жұмыстарға жергілікті тұрғындар, еріктілер, мекеме ұжымдары, коммуналдық қызметтер мен арнайы қызмет мамандары жұмылдырылып, арнайы техникалар үздіксіз жұмыс атқаруда.
Табиғи апат салдарын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жою, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауылдың қалыпты тіршілік ырғағын қалпына келтіру мақсатында барлық жауапты қызметтердің өзара үйлесімді іс-қимылы ұйымдастырылған.
Осындай қиын кезеңде азаматтық жауапкершілік танытып, ортақ іске белсене атсалысып жатқан ауыл тұрғындарына, еріктілерге, мекеме қызметкерлеріне және қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылған барлық азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Бірлік пен ынтымақ – кез келген қиындықты еңсерудің басты кепілі. Ел болып жұмыла атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қарауылкелді ауылындағы қалыпты өмір кезең-кезеңімен қалпына келтіріліп, елді мекеннің тыныс-тіршілігін тұрақтандыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1258697?lang=ru

Жауап қалдыру