«Қауіпсіз жол»: Астанада бір күнде жол ережесін бұзудың 300-ден астам жағдайы анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында елордада «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Жедел-профилактикалық іс-шара жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтап, жолын кесуге және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Іс-шараның алғашқы күні полиция қызметкерлері күшейтілген рейдтер өткізіп, жүргізушілермен, жаяу жүргіншілермен және жол қозғалысына қатысушылармен профилактикалық әрі түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Негізгі назар жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін және азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін құқық бұзушылықтарды анықтауға аударылды.

Жедел-профилактикалық іс-шараның бір күнінің өзінде елордада:
жолаушыларды тасымалдау қағидалары мен қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын бұзудың шамамен 150 дерегі;
көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланудың 70-ке жуық дерегі;
техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын пайдалануға қатысты 60-қа жуық құқық бұзушылық;
электр самокатын басқарушылар жіберген 40-қа жуық құқық бұзушылық;
азаматтарға такси қызметін күштеп ұсынудың 20-ға жуық дерегі анықталды.

Елордалық полиция жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда. «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік, профилактикалық және түсіндіру шаралары тұрақты түрде өткізілетін болады.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, мұқият әрі жауапкершілікпен әрекет етуге шақырады. Жолдағы қауіпсіздік әркімге байланысты. Тек өзара құрмет пен белгіленген талаптарды сақтау ғана азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

#законипорядок #заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1259143?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді