«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын, оның ішінде қызметтік қарым-қатынас әдебін сақтау» тақырыбындағы түсіндіру жұмысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     2026 жылғы 15 шілдесінде  «Ахуалдық орталық» басқармасының ИТК суреттерін талдау бөлімінің бас маманы К.А. Аманжолов «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Б.А. Айнакуловтың қатысуымен Ахуалдық орталық басқарма қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын, оның ішінде қызметтік қарым-қатынас әдебін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

     Түсіндіру жұмысы барысында қызметкерлерге қызметтік қарым-қатынас әдебін сақтау әріптестер мен азаматтарға сыпайы, әдепті және құрметпен қарауды, іскерлік қарым-қатынас нормаларын, қызметтік бағыныстылық қағидаларын сақтауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуді көздейтіні түсіндірілді.

     Қызметкерлердің сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-gdu/press/news/details/1258461?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді