ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ» КММ ҚР Суретшілер одағының мүшесі Николай Торшин мен мүсінші Александр Воткалдың «Сурет және мүсін» атты бірлескен көрмесінің ашылуының

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өткізілетін уақыты: 15 шілде 2026 ж., сағат 15.00                                                

Өткізілетін орны:  Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 113 (картина галереясы).

Негізгі мақсаты: Қазақстан суретшілерінің бейнелеу өнерін қолдау және танымал ету. Облыс тұрғындарының назарын Қазақстанның бейнелеу өнеріне аудару және өскелең ұрпақтың бойында құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Музейге келушілер санын арттыру.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы» ММ, «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ, «ҚР Суретшілер одағының Қостанай облыстық ұйымы» ҚБ.

Қатысушылар: суретшілер, көркемсурет студияларының оқушылары, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері.

 

Ақпараттық анықтама

 

2026 жылғы 15 шілдеде сағат 15:00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің картина галереясында (бейнелеу өнері бөлімінің экспозициялық залында) Қостанай өңірінің танымал екі шебері: кескіндемеші әрі график Николай Торшин мен мүсінші Александр Воткалдың бірлескен көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

«Сурет және мүсін» атты экспозиция бір кеңістікте 151 графикалық туынды мен 11 мүсіндік композицияны тоғыстырды. Бұл – монохромды графика мен үш өлшемді мүсін өнері секілді екі түрлі пластикалық тілдің адам, жасампаздық, дәстүр және Ұлы дала рухы тәрізді ортақ тақырыптарды қалайша әр қырынан бейнелейтінін көруге мүмкіндік беретін бірегей шығармашылық серіктестік.

Көрме экспозициясы «сызықтан пішінге дейінгі» тұжырымдаманы айқын көрсетеді және эстетикалық қарама-қарсылық пен терең мағыналық үндестікке негізделіп құрылған.

Кескіндемеші Николай Торшиннің қарындашпен салған суреттері -монументалды графикалық туындылар. Суретші Қостанай өңірінің табиғаты мен болмысын асқан шеберлікпен бейнелейді. «Аманқарағай қарағайлары» сияқты айбынды реликт қарағайлы орманнан бастап, терең этнографиялық сюжеттерге дейінгі тақырыптар оның шығармаларында көрініс тапқан. Оның жұмыстарында дархан даланың қонақжайлығы, киіз үй жанындағы домбыраның әуені, тұлпарлардың сымбаты мен ұлан-ғайыр көкжиекке ұласқан кең дала бейнесі жанды түрде сомдалады. Николай Торшин жарық пен көлеңкенің үйлесімін аса нәзік меңгеріп, қарапайым қағазға жан бітіргендей әсер қалдырады. Суретшінің графикалық жұмыстары көрерменді нәзік реңктер мен сыршыл ой-толғаныс әлеміне жетелейді.

Александр Воткалдың мүсін туындылары бұл бейнелерді қабылдап, оларды үш өлшемді кеңістікке көшіреді. Воткалдың пластикасы – материалда мәңгілікке қатталған қозғалыс пен мінездің көрінісі. Оның психологиялық портреттері мен жанрлық композициялары графикалық сюжеттерге жан бітіріп, оларды айқын көлеммен, нақты пішінмен және монументалды сипатпен толықтырады. Көрмеде мүсінші адам болмысының сан қырын ашады: тас қалау үстіндегі жасампаз еңбеккердің қайсар бейнесінен бастап, баланың мейірім мен шынайылыққа толы әсерлі портретіне, сондай-ақ ардагердің терең әсер қалдыратын монументалды горельефіне дейінгі туындылар соның айғағы. Шебер қатты материалды пластикалық ойға шебер бағындырып, фактура мен пішіннің үйлесімін дәл әрі әсерлі акценттер арқылы айқындайды.

«Сурет және мүсін» көрмесі – өнердің дүниеге келу үдерісін тұтас қамтитын бірегей шығармашылық тәжірибе. Экспозиция қағаз бетіне қарындашпен түскен алғашқы сызықтан бастап, материалда сомдалған соңғы көлемді пішінге дейінгі өнер туындысының қалыптасу жолын айқын көрсетеді.

Барлық сауалдар бойынша Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне: (8-714-2) 502-032 телефонына  хабарласыңыздар. Алтынсарин көшесі, 113.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1258658?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді