
Мемлекеттік қызметшілер мен Қостанай қаласы әкімдігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ еңбек заңнамасы нормаларын бірыңғай қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзекті өзгерістерді түсіндіруге арналған жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шараның спикері ретінде Қостанай облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің талдау жұмысы бөлімінің басшысы Сейітова Дина Ғабидоллақызы сөз сөйледі.
Өз баяндамасында Дина Ғабидоллақызы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндірді. Мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне тікелей әсер ететін мәселелерге, сондай-ақ жаңартылған еңбек заңнамасы нормаларын іс жүзінде қолдану ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, еңбек заңнамасының жаңа нормаларын қолданудың практикалық аспектілерін талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1258341?lang=ru

Жауап қалдыру