ҚР “Малшылар күні” кәсіби мерекесіне орай Түркістан облысында ауыл шаруашылығының үздіктері марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аптап ыстық пен аязды күнге төзіп, еліміздің ауыл шаруашылығын өркендетіп жүрген малшылардың құрметіне Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында салтанатты марапаттау шарасы өтті.
«Малшылар күніне» орайластырылған жиында көп жыл бойы мал шаруашылығы саласына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлер мен биылғы маусымда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген үздік шаруалар ерекше аталып өтті.
Атап, айтсақ, ҚР Премьер-Министрінің Алғыс хатымен «Біржан» ШҚ төрағасы, шопан Ералы Ділдай және
«ШЫМКЕНТ ЕТ» ЖШС аға шопаны Мықтыбай Күлман марапатталды. Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі Алясхан Ахметов пен Ермаканбет Туктыбаевқа, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі Еркамал Аккозиевқа табысталды. Маржанкул Басарова мен Габидин Керимбеков “Құрмет” грамотасына ие болса,
Алғыс хатпен Абдихалил Оразбаев марапатталды.
 Мал шаруашылығының дамуы бойынша облыс республикада жетекші орында.
Республикадағы ірі қара малдың 13 пайызы (1238,6 мың бас), ұсақ малдың 20 пайызы (5211,6 мың бас), жылқының 10 пайызы (549,0 мың бас), түйенің 14 пайызы (46,1 мың бас) және құс үлесі 5 пайызы (2586,8 мың бас) облыстың үлесінде.
2025 жыл қаңтар-маусым айларына 116,3 мың тонна ет (125,1%), 271,8 мың тонна сүт (95,7%), және 170,8 млн. дана жұмыртқа (128,3%) өндірілді.
Мал шаруашылығының тұрақты дамуы өңірде ет экспортының әлеуетін арттыруға қарқынды серпін берді. Республикада экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80 пайызы, қой етінің 75 пайызы облыстың еншісінде. 6 айда 10,3 мың тонна ірі қара мал еті, 14,4 мың тонна қой еті экспортқа бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1258325?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді