
ҚҰРМЕТТІ АҚСУ-АЮЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты рейдтік және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін: 🔹130 ауыл шаруашылығы жануары қамау орнына қамалды; 🔹408-бап бойынша 30-дан астам әкімшілік хаттама толтырылды; 🔹Қараусыз малдың қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді; 🔹1 мал иесіне ӘҚБтК-нің 633-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды; 🔹4 оқиға бойынша белгісіз тұлғаға қатысты әкімшілік материалдар рәсімделді. Сонымен қатар, тұрғындар мен шаруа қожалықтары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жануарлардың мойнына жарық шағылыстыратын ленталар тағылуда. Құрметті мал иелері! Малдарыңызды қараусыз жібермеңіздер, жарық шағылыстыратын лента тағыңыздар. Мал иесі – өз малына жауапты!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-aksu-ayuly/press/news/details/1258727?lang=ru

Жауап қалдыру