
Құрметті қызмет алушылар!
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан жүргізілген техникалық жұмыстардың аяқталуына байланысты «Архивтік анықтамалар, архив құжаттарының көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі бойынша өтінімдерді eGov порталы арқылы қабылдау қайта басталғанын хабарлаймыз.
Өтінімдерді eGov порталы арқылы белгіленген тәртіппен жолдай аласыздар.
Ынтымақтастықтарыңыз бен түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-cultura-arhiv/press/news/details/1258035?lang=ru

Жауап қалдыру