Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті компанияларды кәріз-тазарту құрылыстарын жаңғырту жөніндегі конференцияға қатысуға шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Азия даму банкімен бірлесіп қалалардағы кәріз-тазарту құрылыстарын жаңғырту жобаларын дайындау жұмыстарын жүргізуде.

2026 жылғы 3 тамызда «Жобалау – құрылыс – пайдалану» (DBO) моделі бойынша жобаларды іске асыру мәселелерін талқылауға арналған нарықпен ерте өзара іс-қимыл жасаудың (Early Market Engagement) бірінші кезеңі бойынша онлайн-конференция өтеді.

КТҚ жобалау, салу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету саласында тәжірибесі бар қазақстандық және халықаралық компаниялар, технологиялар мен жабдықтарды жеткізушілер, инвесторлар және қаржы ұйымдары шақырылады.

Қатысу үшін төмендегі сілтеме бойынша шақыру хатымен танысу қажет:

https://www.adb.org/sites/default/files/tenders/kaz-wwtp-eme_0.pdf

Шақыру хатында тіркеу сауалнамасына сілтеме берілген. Сауалнаманы 2026 жылғы 28 шілдеге дейін толтыру қажет.

https://forms.cloud.microsoft/Pages/ShareFormPage.aspx?id=5dQjEnRnt0S1iyKdP-8Zq795MlNRLi5Ot0ZE3xtLvsNUQzFNN0FOTzE0QTNCQ0pLWk9XTFdHWksyOC4u&sharetoken=9qx1cT000GSxgMx3S5HG

Іс-шара ақпараттық-консультациялық сипатта болады және сатып алу рәсімі немесе коммерциялық ұсыныстарға сұрау салу болып табылмайды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kds/press/news/details/1259126?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді