Қызметтерді қоса атқару, қызмет көрсету аймағын кеңейту және уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін атқару (уақытша алмастыру)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Еңбек Кодексінің 111-бабына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) қызметкерлерге тапсырылатын қосымша жұмыстар мынадай тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін:

      Қызметтерді қоса атқару – қызметкердің еңбек шартымен (лауазымдық нұсқаулықпен) көзделген негізгі жұмысымен қатар бос тұрған басқа лауазым бойынша қосымша жұмыс атқаруы;

      Қызмет көрсету аймағын кеңейту – қызметкердің еңбек шартымен (лауазымдық нұсқаулықпен) көзделген негізгі жұмысымен қатар белгіленген жұмыс күнінің (ауысымының) ұзақтығы ішінде қосымша жұмыс атқаруы; 

      Уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін атқару (уақытша алмастыру) – қызметкердің еңбек шартымен (лауазымдық нұсқаулықпен) көзделген негізгі жұмысымен қатар басқа да, сондай-ақ осындай лауазым бойынша да қосымша жұмыс атқаруы. 

      Яғни, жоғарыда аталған жағдайлардағы қосымша жұмыс негізгі жұмыс бойынша жұмыс уақыты шегінде жүзеге асырылады.

     Бір ұйымда еңбек шартымен көзделген негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша, не негізгі жұмыстан босатылмай уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін қосымша атқаратын қызметкерлерге қосымша ақы төленеді.

      Қызметтерді қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағын кеңейткені немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін атқарғаны (уақытша алмастырғаны) үшін қосымша ақының мөлшерін жұмыс беруші қызметкермен келісім бойынша атқарылатын жұмыс көлеміне қарай белгілейді.

     Мысалы, мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне қызметтерді қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймағын кеңейткені) және уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін атқарғаны үшін тиісінше қызметкердің лауазымдық жалақысының 50%-на дейін және Кодекске сәйкес іс жүзіндегі жұмыс көлеміне қарай қосымша ақы төлеу көзделген.

    Қосымша жұмыс тапсырмасы мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе қызметкер қосымша жұмысты орындаудан бас тартқан жағдайда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс істеген кезеңі үшін жалақы төлеуге міндетті.

    Сондай-ақ, қызметтерді қоса атқарғанда, қызмет көрсету аймағын кеңейткенде және уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін атқарғанда (уақытша алмастырғанда) еңбек кітапшасына жазба енгізілмейді және Еңбек шарттарының бірыңғай есебі жүйесіне (ЕШБЕС) мәліметтер енгізілмейтінін атап өтеміз.

видеоның толық нұсқасын осы ссылкадан көресіздер: https://www.facebook.com/shymkentenbekinspektsia

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1258777?lang=ru