
Ағымдағы жылдың 14–17 шілде аралығында Қызылорда облысының аумағында «Жалдамалы пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – жалға берілетін тұрғын үйлер мен пәтерлердің заң талаптарына сәйкес пайдаланылуын бақылау, уақытша тұрып жатқан азаматтарды анықтау, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу. Іс-шара барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жалға берілетін тұрғын үйлерді тексеріп, пәтер иелері мен жалға алушыларға қолданыстағы заң талаптарын түсіндіреді. Сонымен қатар тұрғындарды күмәнді тұлғалар немесе құқыққа қайшы әрекеттер анықталған жағдайда полиция органдарына дереу хабарлауға шақырады. Қызылорда облысы Полиция департаменті өңір тұрғындарын заң талаптарын сақтауға, жалға берілетін тұрғын үйді заңнама талаптарына сәйкес рәсімдеуге және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бірлесіп атсалысуға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1258046?lang=ru

Жауап қалдыру