
️Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай аудандық бюджеттік комиссияның отырысын өткізді.
Күн тәртібі аясында қатысушылар 2026 жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау, ауылдық округтер мен Мәдениет ауылының бюджеттеріне өзгерістер енгізу, сондай-ақ дербес бөлімдердің бюджеттерін түзету мәселелерін қарастырды.
Отырыс қорытындысы бойынша бюджет қаражатын тиімді, әрі ұтымды пайдалану, басым бағыттарды уақытылы қаржыландыру және ауданда жоспарланған іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1258115?lang=ru

Жауап қалдыру