Санитариялық-қорғаныш аймағы туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Санитариялық-қорғаныш аймағы (бұдан әрі – СҚА) – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін бәсеңдету мақсатында бөліп тұратын аумақ.

 

Санитариялық-қорғаныш аймағының негізгі мақсаты – тұрғын аумақтарды өндірістік объектілердің қолайсыз әсерінен қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және қоршаған ортаның қауіпсіздігін сақтау. Оның мөлшері объектінің қауіптілік сыныбына, өндірістік қуатына, технологиялық ерекшеліктеріне, атмосфералық ауаға шығарындылар көлеміне, сондай-ақ шу, діріл, электромагниттік сәулелену және басқа да физикалық факторлардың деңгейіне байланысты айқындалады.

 

Санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында белгіленген.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1258333?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді