САУРАН АУДАНЫНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА «АЛТЫН АЛҚА» МЕН «КҮМІС АЛҚА» ТАБЫСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданында көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №1247 және 29 мамырдағы №1295 Жарлықтарына сәйкес «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалары табысталды.
Марапаттау рәсіміне аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, көпбалалы аналарды мемлекеттік наградаларымен құттықтады. Ол өз сөзінде отбасы институтын нығайтуға, ұрпақ тәрбиесіне және елдің демографиялық өсіміне өлшеусіз үлес қосып жүрген аналардың еңбегі әрдайым жоғары бағаланатынын атап өтті.
Бүгінде Сауран ауданында 7 767 көпбалалы ана тұрады. Олардың қатарында 100 «Батыр ана», 659 «Алтын алқа», 1 732 «Күміс алқа» иегері және І және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған 199 ана бар. Бұл ауданның демографиялық өсімінің тұрақты екенін және отбасы құндылықтарын дәріптеуге ерекше мән берілетінін көрсетеді.
Президент Жарлықтарына сәйкес Сауран ауданынан 24 ана мемлекеттік наградаға ие болды. Оның ішінде 7 ана «Алтын алқа» алқасымен, 17 ана «Күміс алқа» алқасымен марапатталды.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1258831?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді