Шахтинскіде сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шахтинск қаласы мен оған іргелес кенттерді сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртудың үшінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр.

Биыл жалпы ұзындығы 49,4 шақырымды құрайтын үшінші кезеңдегі су құбыры желілерін реконструкциялау жұмыстары аяқталады. Жалпы алғанда, 2023–2025 жылдар аралығында Шахтинскіде 100 шақырымнан астам су құбыры желісі жаңартылып, қайта тартылды.

Жобаны іске асыру инженерлік инфрақұрылымның тозу деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Егер 2022 жылы су құбыры желілерінің тозуы 78 пайызды құраса, 2026 жылға қарай бұл көрсеткішті 28 пайызға дейін қысқарту жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде апатты жағдайлар саны азайып, сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі арта түседі.

Кенттердегі инженерлік желілерді жаңарту жұмыстары да қатар жүргізілуде. Новодолинский кентінде жоспарланған 50,3 шақырым желінің бүгінгі күні 8 шақырымы тартылды. Жобаны толық аяқтау 2027–2028 жылдарға жоспарланған.

Долинка кентінде жоба аясында қарастырылған 5,3 шақырым су құбыры желісінің 5,2 шақырымы салынды. Құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңына дейін толық аяқтау көзделген.

Фото: Шахтинск қаласы әкімьігінің баспасөз қызметінен

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1258961?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді