
Сарыбұлақ ауылдық округіне қарасты Шилісу ауылында заманауи футбол алаңының құрылыс жұмыстары басталды.
Аталған жоба ауыл тұрғындарына, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасауға, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Қазіргі уақытта құрылыс алаңында дайындық және жер жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында футбол алаңы қажетті инфрақұрылыммен жабдықталып, қауіпсіздік талаптарына сәйкес пайдалануға беріледі.
Жаңа спорт нысаны ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, балалар мен жастардың дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуына мүмкіндік береді.
Құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп, нысанды жоспарланған мерзімде пайдалануға беру көзделуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-sarybulak/press/news/details/1258420?lang=ru

Жауап қалдыру