ШҚО әкімдігінің авиациясы Абай облысындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көршілес өңірге көмек ретінде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің авиациясына қарасты тікұшақ Абай облысындағы ірі табиғи өртті сөндіру жұмыстарына жіберілді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтауға 600 жуық адам, 148-ден астам техника және 7 тікұшақ жұмылдырылған. Әуе техникасы өрт ошақтарына аэровизуалды барлау жүргізіп, су төгуде

Шығыс Қазақстан облысы авиациясының жұмылдырылуы төтенше жағдайды жедел жою және өрттің елді мекендерге таралуына жол бермеу мақсатындағы өңіраралық өзара іс-қимыл аясында жүзеге асырылып отыр.

Фотосурет: ШҚО ТЖД, ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1259275?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді