ШҚО-да әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік  бағасын тұрақтандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте салалық басқарма  басшысы Исатай Ансат мәлімдеді.

Бүгінгі таңда өңір тұрғындары қант, күнбағыс майы, қарақұмық, күріш, макарон өнімдері, тұз, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат және сиыр етін қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар 11 өнімді қолжетімді бағамен сатып алып жатыр.

Қазіргі уақытта облыста 46 әлеуметтік сауда нүктесі жұмыс істейді. Оның 21-і – әлеуметтік павильон, 25-і – серіктес дүкен. Алдағы кезеңде әлеуметтік шағын маркеттер ашу жоспарланып отыр.

Күзгі-қысқы маусымға дайындық та басталған. Қазан айынан бастап «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының павильондарына шамамен 6 мың тонна картоп, сәбіз, қырыққабат және пияз жеткізіледі. Ал, «Восток-Молоко» сауда желісінде сиыр еті келісіне 2790 теңгеден сатылып келеді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында тұрақты мониторинг жүргізілуде. Жыл басынан бері заң талаптарын бұзған кәсіпкерлерге қатысты 81 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей өндірушіден тұтынушыға жеткізуге бағытталған жәрмеңкелер де тұрақты ұйымдастырылып келеді. Жыл басынан бері 300-ге жуық жәрмеңке өтті. Тұрғындар жергілікті өнімді жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгеге сатып алған.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңдеу өнеркәсібі де дамып келеді. Өңірде «ALTAI MAI» май өңдеу зауыты іске қосылды. Бұдан бөлек, жаңа сүт өңдеу зауытының құрылысы жалғасуда.

Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1258610?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді