Солтүстік Қазақстан облысында «Жылдың үздік ауылдық мәдениет мекемесі – 2026» анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Петропавл қаласында «Ауылдың үздік мәдениет мекемесі – 2026» облыстық көркемөнерпаздар байқауының қорытынды гала-концерті өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – ауыл мәдениетін дамыту, шығармашылық ұжымдарға қолдау көрсету, ұлттық құндылықтар мен халық шығармашылығын дәріптеу. Байқаудың қорытынды кезеңінде облыстың барлық ауданынан келген өнер ұжымдары өздерінің үздік концерттік бағдарламаларын ұсынып, жоғары орындаушылық шеберліктері мен ұлттық өнеріміздің бай мұрасын кеңінен танытты.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде мен басты сыйлық – шағын автобус – Мағжан Жұмабаев ауданының шығармашылық ұжымына табысталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл байқау ауылдық мәдениет мекемелерінің шығармашылық әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға және өңірдің бай мәдени мұрасын насихаттауға зор үлес қосып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-madeniet/press/news/details/1258165?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді