
Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде заңнама талаптарының сақталуын бақылау және су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Осы кезеңде 15 рейдтік іс-шара өткізіліп, олардың барысында шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзудың 4 фактісі анықталды. Барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 582-бабы бойынша 4 әкімшілік хаттама толтырылып, құқық бұзушыларға 7 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.
Мәселен, Ертіс өзенінде патрульдеу барысында Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері моторлы қайықты оны басқару құқығын растайтын құжаты өзімен бірге болмаған азаматтың басқарғанын анықтады. Аталған құқық бұзушылық үшін шағын көлемді кеме жүргізушісі Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 582-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті шағын көлемді кемелердің иелері мен жүргізушілерін заңнама талаптары мен судағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.
Өзіңіздің және жолаушыларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1259114?lang=ru

Жауап қалдыру