
Бүгін «Бейнеу кітапханасы» мемлекеттік мекемесі Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары Андамасова Әсем Қайырғалиевна мен Туржұпарова Марал Алшынбекқызы полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи шығармасы негізінде тарихи-патриоттық және рухани-адамгершілік бағыттағы әдебиеттерді оқудың маңыздылығы түсіндірілді.
Іс-шара аясында кітап оқудың тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудағы рөлі, ұлттық тарих пен мәдени мұраны насихаттаудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, оқылған әдебиеттердің мазмұнын идеологиялық сағаттарда талқылау, сауалнама және пікір алмасу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ аттестаттау кезеңінде бағалау тәртібі туралы ақпарат берілді.
Кездесу қатысушыларына тарихи шығармаларды оқу арқылы ел тарихын тереңірек танып, ұлттық құндылықтарды құрметтеудің маңызы жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1258633?lang=ru

Жауап қалдыру