«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Мойынты кентінде тұрмыстық қатты қалдықтарды төгетін полигон аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, полигон аумағын ретке келтіру, санитарлық жағдайды жақсарту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Тазалық жұмыстары барысында полигонның ішкі және сыртқы аумағында жиналған тұрмыстық қалдықтар мен бейберекет шашылған қоқыстар тазартылып, аумақ ретке келтірілді. Сенбілікке мекеме қызметкерлері, коммуналдық сала мамандары және белсенді тұрғындар қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.

Қоршаған ортаның тазалығы – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі бастамалар туған жердің көркеюіне, экологиялық жағдайдың жақсаруына және тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына ықпал етеді.

Барша тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты аялауға және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуға шақырамыз.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-mointy/press/news/details/1259020?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді