
Ақтау қаласы Полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ата-аналар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тұрғындарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша маңызды ережелерді түсіндірді. Атап айтқанда, пәтер терезелеріне арнайы қорғаныс құлыптарын орнату, балаларды ашық терезелердің жанында қараусыз қалдырмау және москит торларының баланы құлаудан қорғай алмайтыны ескертілді.
Сонымен қатар, ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау, олардың жүріс-тұрысын бақылау және жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қажетті шараларды уақытылы қабылдау қажеттігі түсіндірілді.
Полиция қызметкерлері ата-аналардың қырағылығы мен қамқорлығы – бала өмірін сақтаудың басты кепілі екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1258641?lang=ru

Жауап қалдыру