
Тоғызқұдық ауылдық округінде ауыл шаруашылығы жануарларын міндетті бірдейлендіру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Тоғызқұдық ауылдық округінде ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің арасында жануарларды міндетті бірдейлендіру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру міндетті рәсім болып табылатыны түсіндірілді. Бірдейлендіру жануарларды есепке алу, олардың қозғалысын бақылау, ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды уақытылы жүргізу және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында жүргізіледі.
Сонымен қатар, мал иелеріне малдың төлдеуі, сатып алынуы, сатылуы, шығын болуы немесе орын ауыстыруы туралы ветеринариялық мамандарға уақытылы хабарлау қажеттілігі түсіндірілді.
Тұрғындарға «Tort Tulik» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы ақпарат берілді. Аталған қосымша арқылы тіркелген жануарлар туралы мәліметтерді қарап, ветеринариялық қызметтер бойынша ақпарат алуға болады.
Түсіндіру жұмыстары тұрғындармен кездесулер, әлеуметтік желілер және ауылдық округтің ақпараттық топтары арқылы жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын уақытылы бірдейлендіру – малдың саулығын сақтау, шаруашылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауданның қолайлы ветеринариялық-эпизоотиялық жағдайын сақтау кепілі.
«Тоғызқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
#ТоғызқұдықАуылдықОкругі #Ветеринария #МалдыБірдейлендіру #TortTulik

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-buhar-zhyrau-togyzkudyk/press/news/details/1258901?lang=ru

Жауап қалдыру