Түркістан облысында «Үздік мемлекеттік инспектор» байқауының қорытындысы шығарылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байқауда инспекторлар қатысып, өздерінің кәсіби даярлығының жоғары деңгейін, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.

Қатысушылардың білімі мен кәсіби шеберлігі нормативтік-құқықтық актілерді білуі, нысандарға тексеру жүргізу қабілеті, қызметтік құжаттарды сауатты рәсімдеуі, сондай-ақ практикалық қызметтегі кәсіби дағдыларын қолдануы сияқты бірнеше өлшем бойынша бағаланды.

Байқау кезеңдерінің қорытындысы бойынша І орынды Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Нұртас Қасым иеленді.

ІІ орын Төлеби ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Азимбек Атанбеков иеленді.

ІІІ орынды Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Назарбек Садық иеленді.

Облыстық кезеңнің жеңімпазы Түркістан облысының намысын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінде өтетін республикалық кезеңде қорғайды. Бұл кезеңде еліміздің барлық өңірлерінен келген жеңімпаздар «Үздік мемлекеттік инспектор» атағы үшін бақ сынайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1258075?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді