«Ұлт жадындағы ұлы тұлға»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында халық жазушысы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында Алмалы ауылдық кітапханасында «Ұлт жадындағы ұлы тұлға» атты тақырыпта тұлғатану сағаты өткізілді.
Шара барысында қатысушыларға қаламгердің өмір жолы, шығармашылық мұрасы, қазақ әдебиетіндегі орны мен ел руханиятына қосқан үлесі туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, автордың танымал шығармаларына шолу жасалып, кітап көрмесі таныстырылды. Оқырмандар жазушының шығармаларынан үзінділер оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу барысында әдеби сұрақ-жауап ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Кітапхана оқырмандары ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шығармалардың тәрбиелік мәніне тоқталып, кітап оқудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1258144?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді