
Ветеринария қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Іле аудандық мәслихатының төрағасы Мұхит Карибаев сала мамандарын құттықтады.
Мәслихат төрағасы ветеринария саласы мамандарының халық денсаулығын сақтау, эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығының дамуына қосып жүрген үлесін ерекше атап өтіп, олардың жауапты еңбегіне алғысын білдірді.
Кәсіби мереке қарсаңында бірқатар сала қызметкерлері адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін Іле аудандық мәслихатының Алғыс хаттарымен және Іле ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Іле аудандық мәслихаты ветеринария саласының барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс пен толағай жетістіктер тілейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-ile/press/news/details/1258268?lang=kk

Жауап қалдыру