Учаскелік полиция инспекторының жұмыс күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Учаскелік полиция инспекторы – күн сайын халықпен бірге болып, өзіне бекітілген аумақтағы тұрғындарды жақсы білетін, олардың мәселелерін шешуге көмектесетін және қиын жағдайда бірінші болып көмекке келетін полиция қызметкері. Осындай өз ісіне адал мамандардың бірі – Павлодар қаласы Солтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Урдабеков Абылайхан Шәдиярұлы.
Ол ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 2018 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсуден бастады. Оқу жылдары ішінде берік теориялық білім мен мол тәжірибелік дағдыларды меңгеріп, болашақ қызметіне сенімді негіз қалады. 2022 жылы академияны сәтті тәмамдаған жас офицер Аққулы ауданы полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы болып қызметке кірісіп, Қарақала ауылының әкімшілік учаскесіне қызмет көрсетті. Төрт жылдық қызметінде ол өз ісіне жауапкершілікпен қарауының, қарапайымдылығының және тәуліктің кез келген уақытында көмек көрсетуге әрдайым дайын болуының арқасында ауыл тұрғындарының зор құрметіне ие болды. Учаскелік инспектордың жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алумен ғана шектелмейді. Ол күн сайын тұрғындармен кездесіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, азаматтардың өтініштерін қарайды, тұрмыстық жанжалдарды шешуге ықпал етеді, қолайсыз отбасылармен жұмыс жүргізеді және қызмет көрсететін әкімшілік аумақтағы жедел ахуалды тұрақты бақылауда ұстайды.
2026 жылдың ақпан айында офицер қызметін одан әрі жалғастыру үшін Павлодар қаласы Солтүстік полиция бөліміне ауыстырылды. Қызмет орны өзгергенімен, ол аз уақыттың ішінде тұрғындар мен әріптестерінің сеніміне ие болды. Бүгінде оны азаматтардың әрбір өтінішіне мұқият қарайтын, ашық мінезді, жауапты әрі халыққа жақын учаскелік полиция инспекторы ретінде жақсы таниды. Учаскелік полиция инспекторының әрбір күні – жаңа міндеттер, үлкен жауапкершілік және адамдармен тығыз жұмыс. Осындай кәсіби әрі адал қызметкерлердің арқасында азаматтардың полицияға деген сенімі артып, тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1258484?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді