
15.07.2026 жылы Зеренді ауданының прокуратурасының үйлестіруімен құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының тиімділігі ведомствоаралық кеңесте талқыланды.
Іс-шараға аудан әкімі, мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Оң үрдісі аталып: 2026 жылдың 6 айының қорытындысымен ауданда қылмыстың барлық санаттары төмендеген.
«Айқын нәтиже» жобасы аясындағы нақты шараларға ерекше назар аударылды. Оны жүзеге асырудың негізгі нәтижелерінің бірі – 18 қосымша көше бейнебақылау камераларының орнатылуы болды, олардың көмегімен бүгінгі таңда 192 құқық бұзушылық анықталды.
Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі алкогольді масаң күйінде жасалғанын ескеріп, алкогольдік өнімдердің заңсыз саудасының жолын кесу бағытында лицензиясыз сатумен айналасқан 13 тұлға (ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі), түнгі уақытта сатқаны үшін 7 тұлға (200-бап) жауапкершілікке тартылды. Жағдайды сауықтырудағы маңызды қадам «Зиялы қауым» жобасын ілгерілету болды: ауданның 11 ауылы алкогольді сатудан толықтай бас тартып, оларда қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ.
Кеңес қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, отбасылық зорлық-зомбылықтың, қоғамдық орындардағы және мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға күш-жігерді жұмылдыру туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ жастар, кәмелетке толмағандар және есепте тұрған тұлғалармен жұмыс істеу басымдық ретінде айқындалды.
Барлық уәкілетті органдарға алдын алу жұмыстарын жандандыру, қылмысқа қарсы күрес және тиімді ведомствоаралық іс-қимылды ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1258842?lang=ru

Жауап қалдыру