«Жалдамалы пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14–17 шілде аралығында Түпқараған ауданы аумағында «Жалдамалы пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

🔹 Іс-шараның негізгі мақсаты – жалға берілетін тұрғын үйлер мен пәтерлерді анықтау, оларды заң талаптарына сәйкес тіркеу, салық заңнамасының сақталуын бақылау, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.

🔹 Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жалға берілетін тұрғын үйлерді тексеріп, пәтер иелерімен және жалға алушылар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Түсіндіру барысында тұрғын үйді жалға беру кезінде қолданыстағы заң талаптарын сақтау, жалдау шартын заң талаптарына сәйкес рәсімдеу және салық міндеттемелерін уақтылы орындау қажеттігі түсіндірілуде.

🔹 Түпқараған аудандық полиция бөлімі тұрғындарды заң талаптарын сақтауға және тұрғын үйді жалға беру кезінде заңнамада көзделген талаптарды мүлтіксіз орындауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1259213?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді