Жамбыл облысында азаматтық қоғамды дамыту және үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. 

Жиынға облыс әкімі, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы және өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты. 

Отырыста өңірдегі азаматтық қоғамды дамыту бағытында атқарылған жұмыстың қорытындысы және үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру мәселесі жан-жақты қаралды.

Қазір Жамбыл облысында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен негізгі бағыттар бойынша 7 гранттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жобалар азаматтық бастамаларды қолдауға, үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлін арттыруға, ел ішіндегі татулық пен бірлікті нығайтуға, отбасы құндылықтарын дәріптеу мен демографиялық саясатты қолдауға, жастардың тың бастамаларына серпін беруге және өзге де әлеуметтік маңызы бағыттарды дамытуға негізделген. Аталмыш жобалар аясында 10 шағын грант беріліп, өңірдегі бастамаларды қолдауға мүмкіндік жасалып отыр.

Өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар шағын гранттар байқауы аясындағы бастамаларды жүзеге асыруға белсене атсалысып келеді. Солардың қатарында Zhas Qorgau – Taraz, «Тұмар – ана алақанының жылуы», «Жанұя», «Белсенді қауым – Берекелі ауыл» және «Мәдени мұра» жобалары бар. Жобалар қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуді, азаматтардың қоғамдық өмірге белсене араласуын және жергілікті бастамаларды қолдауды мақсат етеді.

Отырыс барысында жиынға қатысушылар гранттық қолдау жүйесінің жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Мәселен, 2025 жылы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жобалар еліміздің 7 өңірінде жүзеге асырылса, 2026 жылы бұл көрсеткіш артып, 9 өңірге жетті. Алдағы уақытта үкіметтік емес ұйымдармен әріптестікті одан әрі нығайтып, қоғамдық маңызы бар бастамаларды қолдау аясын кеңейту көзделіп отыр.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1259262?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді