Жамбылдық медицина қызметкерлеріне 60 жаңа жедел жәрдем көлігі табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбылдық медицина қызметкерлеріне 60 жаңа жедел жәрдем көлігі табысталды

Тараз қаласындағы «Достық» алаңында жаңа жедел медициналық жәрдем автокөліктерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.

Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы үшін 60 жаңа санитарлық автокөлік сатып алынды. Оның ішінде 39 JAC M4, 20 Hyundai Staria және 1 мамандандырылған реанимобиль JAC Sunray бар. Салтанатты рәсім барысында жедел медициналық жәрдем бригадаларының өкілдеріне жаңа көліктердің кілттері табысталды.

Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Оның айтуынша, автопарктің жаңаруы жедел жәрдем қызметінің шақыртуларға жедел жетуіне мүмкіндік беріп, әсіресе ауылдық және шалғай елді мекен тұрғындарына көрсетілетін шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады.

Жаңа техникалар өңірдегі жедел жәрдем қызметінің бөлімшелеріне бөлінеді. Атап айтқанда, 33 автокөлік Тараз қаласына, 4 көлік медициналық авиацияға, ал 23 көлік аудандық бөлімшелерге беріледі.

Салтанатты рәсімде денсаулық сақтау саласының ардагері, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалінің иегері, Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының дәрігер-сарапшысы Күлзахира Қызғараева сөз сөйлеп, медицина қауымдастығы атынан өңір басшылығына денсаулық сақтау саласына көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғыс білдірді. Ол жедел жәрдем автопаркінің жаңаруы қызмет сапасын арттырудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Жаңа автокөліктер жедел медициналық жәрдем қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтып, шақыртуларға жету уақытын қысқартуға, қызметтің тиімділігін арттыруға және медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1257850?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді