«ЖАҢА ЖОЛ» республикалық акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Арал ауданы Полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаңа жол» республикалық акциясы аясында бақылауда тұрған азаматтармен профилактикалық іс-шаралар өткізілді. ⚡Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу, олардың заң талаптарын сақтауына ықпал ету, тұрақты жұмыспен қамтылуына және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу. ⚡Акция барысында азаматтармен жеке профилактикалық әңгімелер өткізіліп, олардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері зерделенді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, қоғамда заңға бағынатын өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды. ⚡Арал ауданы Полиция бөлімі алдағы уақытта да құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1258044?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді