
5–16 шілде аралығында Индонезияның Джакарта қаласында World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен U19 және U23 жас санаттары арасында бокстан Азия чемпионаты өтуде.
Шахтинск қаласының спортшысы Камила Оспанова Қазақстан құрамасының сапында ел намысын абыроймен қорғап, 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, U19 жас санатындағы спортшылар арасында Азия чемпионы атанды.
Бұл жеңіс – қажырлы еңбек, табандылық, қайсарлық пен жоғары спорттық шеберліктің айқын нәтижесі. Камиланың жетістігі – туған-туыстары мен бапкерлерінің ғана емес, бүкіл қала тұрғындарының мақтанышы.
Камиланы кезекті жарқын жеңісімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, қажыр-қайрат, спорттық мансабында толағай табыстар мен халықаралық ареналарда Қазақстанның абыройын асқақтатар жаңа жеңістер тілейміз!
Талантты спортшылар мен чемпиондарды тәрбиелеп, олардың үлкен жеңістерге жетуіне бағыт-бағдар беріп жүрген жаттықтырушы Жеңіс Оспановқа кәсібилігі мен жанқиярлық еңбегі үшін ерекше алғыс айтамыз. Осындай білікті бапкерлердің арқасында спорт саласы дамып, жаңа чемпиондар қалыптасып келеді.
Шахтинск қаласы өз чемпиондарын мақтан тұтады және оларға жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай, халықаралық спорт аренасында Қазақстанның абыройын асқақтата беруіне тілектестік білдіреді.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-shahtinsk/press/news/details/1259124?lang=ru

Жауап қалдыру