
Бүгін, 14 шілде күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов Уәкіл жанындағы “Еркіндік руһы” Жастар құқығы жөніндегі комиссия құрамына Атырау облысынан кірген жаңа мүшелермен кездесті.
Былтырдан бері бұл жастар комиссиясында өңірден тек Мадина Еркінова болса, енді ол Абылай Құрмет және Әли Асқарұлымен атты белгілі белсенді жастармен толықты.
Әңгімелесу барысында, Амангелді Аманиязұлы оларды құттықтап, азаматтық ұстанымдарына ризашылығын білдіріп, маңызы зор қоғамдық жұмыста сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, оларға Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы заңды, Омбудсменнің өкілеттігі мен құзыреті, қызметімен қатар. Жастар комиссиясы туралы жалпы мағлұмат берді.
Өз кезегінде Абылай Құрмет пен Әли Асқарұлы қоғам дамуына бар білімі мен жігерлерін қосуға дайын екендігін жеткізді.
Кездесуге Сараптама кеңесінің мүшесі Роман Максотов қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1259271?lang=kk

Жауап қалдыру