
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 404-бабы 1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес күнтізбелік жыл үшін 5000 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік салықтық шегерімді бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ күнтізбелік жыл үшін 882 АЕК мөлшеріндегі шегерімді үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қорғаншылары, қамқоршылары және т.б. қолдануға құқылы.
Салық кодексінің 437-бабы 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес жеке тұлға базалық салықтық шегерімді тек бір салық агентінде ғана қолдануға құқылы. Әлеуметтік салықтық шегерімді қолдануға қатысты мұндай шектеу Салық кодексінде белгіленбеген.
Салық кодексінің 437-бабы 4-тармағында белгіленген негіздер бойынша салық агенті берген жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтама негізінде бір салық агентінен екіншісіне ауысқан кезде әлеуметтік салықтық шегерім сомасын бірізді қолдану көзделген.
Мүгедектігі бар адамның әлеуметтік салықтық шегерімді екі және одан да көп жұмыс берушіде қолдану мүмкіндігі туралы келіп түсетін өтініштерге байланысты аталған мәселе талқылауға шығарылды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.М. Жұманғариннің төрағалығымен 2026 жылғы 8 шілдеде өткен жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық офис отырысы хаттамасының 2.2-тармағына сәйкес жеке тұлғаның берілген өтініші негізінде белгіленген лимит шегінде әлеуметтік салықтық шегерімді екі немесе бірнеше салық агентінде бір мезгілде қолдану мүмкіндігін көздейтін тәсіл мақұлданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1259221?lang=ru

Жауап қалдыру