ЖЕТІСАЙДА АПТАП ЫСТЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕ СУ ШАШЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ЖЕТІСАЙДА АПТАП ЫСТЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕ СУ ШАШЫЛДЫ
 
Бүгін Жетісай ауданында ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты тұрғындардың жайлылығын қамтамасыз ету және шаң-тозаңның алдын алу мақсатында қала көшелеріне арнайы техникалармен су шашу жұмыстары жүргізілді.
 
Коммуналдық қызмет мекемелерінің арнайы су тасымалдаушы көліктері орталық көшелер мен халық көп жүретін жолдарды суландырып, аптап ыстықтың әсерін азайтуға бағытталған жұмыстарды атқарды. Бұл шара жол бойындағы шаңның көтерілуін төмендетіп, қаладағы санитарлық-экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді.
 
Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен жаз мезгіліндегі жоғары температура кезінде мұндай жұмыстар тұрақты түрде ұйымдастырылып, қала тазалығы мен тұрғындардың қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.
 
Сондай-ақ, ауданда абаттандыру, көгалдандыру және коммуналдық қызметтердің тиімді жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын
болады.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1258803?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді