
Жетісу IT-әлеуетін күшейтуде: жаңа мектептер, ЖИ және аудандардағы оқу
Жыл басынан бері «Jetisu Digital» 1 380-нен астам қатысушының басын қосқан 57 іс-шара өткізді. Олардың жартысынан астамы жасанды интеллект пен оны практикада қолдану мәселелеріне арналды.
«Digital Keruen» жобасы облыстың барлық 10 ауданы мен екі қаласын қамтыды: сарапшылар өңірлерге арнайы барып, жергілікті тұрғындарды заманауи цифрлық дағдыларға баулыды.
Хаб IT-білім беру бағытындағы жұмысын жалғастыруда. Samsung Innovation Campus тегін бағдарламалау мектебінде кезекті оқу легі аяқталды. Сонымен қатар, «Жетісу жастары» орталығының базасында Tomorrow School мектебін іске қосуға толық дайындық жүргізілді – 50 заманауи жұмыс орны құрылды. Мектептің ашылуы 2026 жылғы шілдеге жоспарланған.
«Jetisu Digital» алдағы уақытта «Tomorrow School» мектебін ашуды, бағдарламалау, веб-дизайн және генеративті ЖИ бойынша тегін курстарды кеңейтуді, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беруді дамытуды, сондай-ақ аудандарда жаңа көшпелі интенсивтер өткізуді жоспарлап отыр. Креативті индустрия, медиа және робототехника бағыттарына ерекше назар аударылады.
Хабтың басты міндеті – заманауи технологиялық өнімдер жасап, Жетісудың цифрлық экономикасын дамыта алатын білікті мамандар даярлау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1259194?lang=ru

Жауап қалдыру