Жетісу облысы бойынша 2026 жылдың 1 жартыжылдығындағы бақылау сатып алу қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында, бүкіл Республика сияқты, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары қауіпті және сапасыз өнімді анықтауға және сатуға жол бермеуге бағытталған өнімді бақылау сатып алуды жүргізеді. Бақылау сатып алу сауда объектілерінен сатып алынған өнімге зертханалық зерттеу жүргізе отырып жүзеге асырылады.

 Негізгі зертханалық бақылау сүт, ет өнімдері, құс еті сияқты азық-түлік өнімдерінің әлеуметтік маңызды тобына, сондай-ақ ойыншықтар, балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарлар, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, балалар мен жасөспірімдерге арналған киім және т. б. жүргізіледі.

Жетісу облысы бойынша 2026 жылдың 1 жартыжылдығында өнімді бақылап сатып алуға жүргізілген талдауда зерттелген өнімнің (тауарлардың) 14% -ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетті.

Зертханалық зерттеулердің нәтижелері сәйкес келмейтін өнімдер мен тауарлардың 92%-ы импорттық өнімге (Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Түркия, белгісіз өндірушілер) тиесілі екенін көрсетті.

Анықталған ауытқулардың 100%-ы өндірушілердің өнімді таңбалау ережелерін бұзуын, 1%-балаларға арналған киімдегі гигроскопиялық көрсеткіштің бұзылуын (өнімдер – Түркияда өндірілген балалар шұлықтары. Гигроскопия-бұл ылғалдың өтуі) көрсетті.

Таңбалаудың жиі кездесетін бұзылулары – мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы немесе мемлекеттік тілге дұрыс аударылмауы, өнім (тауар) өндірілген күні, сақтау шарттары, салмағы (көлемі) көрсетілмеген. Затбелгі бойынша өнім өндірушінің кім екенін, оның орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған, мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбалау мүлдем болмаған фактілер болды.

Тамақ өнімдерінің ішінде ауытқулардың ең көп пайызы ет және құс өнімдеріне – 5%; жеміс-көкөніс өнімдеріне-3%; тамақ өнімдерінің қалған түрлеріне 1% – дан 2% құрайды.

Тауарлардың өнеркәсіптік тобының ішінде сәйкессіздіктің ең көп пайызы ойыншықтар – 22%; балалар мен жасөспірімдерге арналған киім – 20%; жеңіл өнеркәсіп өнімдері – 15%.

 Жалпы, 2026 жылдың кезеңінде анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді сатудан алып тастау туралы жедел ден қою шарасын қолдану туралы 25 қаулы берілді.

Нәтижесінде 530 кг-нан астам тауарды сатуға жол берілмеді (тауарлардың өнеркәсіптік тобы-16 кг, тамақ өнімдері-518 кг).

Бақылау сатып алу қорытындысы бойынша аумақтық басқармалардың мамандары 19 тергеу жүргізді.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментіне өнімнің жарамсыздығын растайтын құжаттарды анықтау үшін 6 материал жіберілді. Құжаттардың қолданылуы тоқтатылды.

Өнімдер мен тауарларды әкелумен және өткізумен айналысатын Құрметті кәсіпкерлер (сатушылар, жеткізушілер)!

Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сізге қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін, оның ішінде таңбалау бөлігінде, өнімдер мен тауарларды шығаруға және өткізуге жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдауды ұсынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-zhetisu/press/news/details/1258980?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді