
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті
Сот жюриінің қарауына 9 судьяға қатысты 10 тәртіптік материал енгізілді. Бір судьяға қатысты екі тәртіптік материал бір тәртіптік іс жүргізуге біріктірілді.
Қарау нәтижелері бойынша 6 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін 4 судьяға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды; судья әдебі нормаларын бұзғаны үшін бір судьяға судья лауазымынан босату түріндегі тәртіптік жаза қолданылды; сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны және судья әдебі нормаларын бұзғаны үшін бір судьяға судья лауазымынан босату түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
3 судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу олардың әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.
Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені судья тәртіптік жаза туралы шешімге Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.
Жоғары Сот Кеңесі мен Сот жюриінің қызметі сот жүйесіне деген қоғам сенімін нығайтуға, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және тәртіптік рәсімдер шеңберінде олардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Жоғары Сот Кеңесі тәртіптік практиканы жетілдіру және судьялардың жоғары кәсібилігі мен жауапкершілік деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1258786?lang=ru

Жауап қалдыру