
Облыста жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру және Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзудың жолын кесуге бағытталған «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Іс-шара басталғалы бері полиция қызметкерлері жол қозғалысы қағидаларын бұзудың мыңға жуық дерегін анықтады. Ең көп тіркелген құқық бұзушылық – қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқару. Осындай 346 дерек анықталды. Көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланғаны үшін 157 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы 98 жүргізуші техникалық жағдайы белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көлік құралдарын пайдаланған. Мас күйінде көлік басқарған 38 жүргізуші ұсталды. Сонымен қатар, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз пайдаланылған 38 көлік құралының жол қозғалысына қатысуына тыйым салынды, сондай-ақ заңсыз қайта жабдықталған 59 автокөлікті пайдалану дерегі анықталды.
– Мәселен, Павлодар қаласында Н. Назарбаев пен Кривенко көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлері заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелмеген транзиттік мемлекеттік тіркеу нөмірі бар Hyundai автокөлігін тоқтатты. Жүргізушіге қатысты көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік материал толтырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысының барлық қатысушыларын Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, мас күйінде көлік басқарудан бас тартуға, рөлде отырып ұялы телефонға алаңдамауға шақырады. Әрбір жүргізушінің жауапкершілігі – жол қауіпсіздігінің басты кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1258479?lang=ru

Жауап қалдыру