
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Сеитова 10.07.2026 жылы «HeFeng LLp» ЖШС (әрі қарай-Серіктестік) директоры Ван Льянгченге аудармашы арқылы еңбек заңнамасындағы жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Серіктестік жұмыскерлеріне жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға, жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті екендігі айтылды.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандарды жұмысқа алу тәртібі мен талаптарыда қозғалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1258237?lang=ru

Жауап қалдыру