
📢 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары
🇰🇿 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы №873 қаулысына мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін жетілдіруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Енгізілген негізгі өзгерістер:
✅ Азаматтар мен заңды тұлғаларға Мемлекеттік Туды патриоттық сезімді, қазақстандық бірегейлікті және ел жетістіктерін насихаттау мақсатында тұрғын үйлерге, тұрғын емес ғимараттарға, балкондарға (45° бұрышпен) және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарға орналастыру мүмкіндігі нақтыланды.
🏅 Мемлекеттік Тудың бейнесін спортшылардың спорттық киімі мен спорттық экипировкасында пайдалануға рұқсат етілді.
📏 Мемлекеттік Ту ұлттық стандарт талаптарына сәйкес болуы тиіс. Бүлінген, кірлеген, өңі кеткен немесе зақымданған Туды пайдалануға жол берілмейді.
🚫 Мемлекеттік Туды жарнамалық мақсатта, сондай-ақ киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, перде, дастарқан, кілемше және өзге де жабын ретінде пайдалануға тыйым салынады.
💻 Мемлекеттік рәміздерді веб-сайттарда, стендтерде және өзге де көрнекі материалдарда орналастырудың бірыңғай тәртібі белгіленді. Орналастыру кезектілігі міндетті түрде сақталуы тиіс:
🇰🇿 Мемлекеттік Ту → Мемлекеттік Елтаңба → 🎵 Мемлекеттік Гимн.
🤝 Әкімдік мемлекеттік рәміздерді пайдалану кезінде заңнама талаптарын сақтауға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауға шақырады.
#МемлекеттікРәміздер #Қазақстан #Әкімдік #МемлекеттікТу #Елтаңба #Гимн
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ozsp-mamlyut/press/news/details/1259598?lang=ru

Жауап қалдыру