Әуезов ауданы әкімі аппаратында қызметтік тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 шілде күні Әуезов ауданы әкімі аппаратында қызметтік тәртіп, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (ӘАПК) қолдану мәселелеріне арналған аппараттық кеңес өтті.

Кеңес барысында аппарат басшысы Ляззат Нұржігітқызы Джетыбаева мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауының маңыздылығына тоқталып, адалдық, азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және заңнамамен белгіленген талаптарды сақтау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.Н.Баимбетова Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің негізгі талаптарына тоқталып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін сақтау, әкімшілік рәсімдердің заңдылығын қамтамасыз ету және әкімшілік актілердің сапасын арттыру мәселелерін түсіндірді.

Кеңесте еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау, басшылық тапсырмаларын уақытылы орындау, жұмыс уақыты режимін сақтау және қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындау мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын, ӘРПК нормаларын және еңбек тәртібін сақтау бағытындағы бақылауды күшейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1259627?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді