
Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №8 мекемесінде Нельсон Мандела халықаралық күніне орай іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілінің міндетін атқарушы Тимур Жакеев, мекеме қызметкерлері және сотталғандар қатысты.
Кездесу барысында адам құқықтарын сақтау, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, жазаны орындау кезінде заңдылық пен ізгілік қағидаттарын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Іс-шара соңында қатысушылар құқықтық мәдениетті арттыруға және сотталғандардың қоғамға бейімделуіне бағытталған осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1259485?lang=kk

Жауап қалдыру