
Ауданда елді мекендерді ауыз сумен қамту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгінде аудан халқы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Өткен жылы «Сыр суы» өндірістік бөлімшесі арқылы 138 млн. теңгеге 7 ауылдағы (Айдарлы, Жетікөл, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Ақжарма, Іңкәрдария, Қалжан ахун) ауыз су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Биыл 6 елді мекендегі (Тереңөзек кенті және Аманкелді, Бесарық, Шаған, Асқар Тоқмағанбетов, Сәкен Сейфуллин) ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары жоспарлануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-aqzharma/press/news/details/1260015?lang=ru

Жауап қалдыру